• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Видео 25 Қаңтар, 2021

Өскеменде есірткі «қойып кетуші» қыз ұсталды

1487 рет
көрсетілді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  қызметкерлері облыс орталығында «скорость»  және «мефедрон» психотроптық заттарын   жеткізумен айналысқан  21 жастағы қызды  ұстады.

Оңай олжаға кенелу мақсатында  бойжеткен   Өскеменнің аумағында психотроптық заттарды  байланыссыз тәсілмен,  яғни  «қойып кету» арқылы  өткізуді  және есеп айырысу әдісін қолма-қол ақшасыз шешкен.      - Ұстау кезінде күдіктінің пәтерінен 650 рет қолдану дозасына тең  200 грамнан артық  психотроптық заттар алынды.  Оның  қара нарықтағы бағасы  2 млн. теңгенден  артық соманы құрайды. Сондай-ақ  есірткі дозаларын орауға және өлшеуге арналған  құралдар  тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. Аталған факті бойынша  ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін  10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан  айыру жазасы көзделген.